2016 жылғы 11 шілде күні “Sunny English” және “Тілашар” топтарында “Polyglot of school” атты іс-шара өткізілді. Қазақ тілі мен ағылшын тідін жақсы меңгерген оқушыны анықтау осы іс-шараның мақсаты еді. Зияткерлік шоу, оқушылар өздерінің тілді меңгерген деңгейін көрсете алатындай бірнеше тапсырма қамтыды. Балалар ойынға шомыды, белсене қатысты, байқауларға қызығушылық танытты. Іс-шараның соңында жеңімпаз да анықталды, ол - Лобазин Илья. Қатысушылардың барлығы тәтті сыймен марапатталды.