Жеңістің 71 жылдығына арналған «Балаларға соғыс туралы оқимыз» халықаралық науқаны Самара облысындағы балалар кітапханасының ұсынысы бойынша жетінші рет өткізіліп отыр. Науқанның мақсаты – Ұлы Отан Соғысы туралы үздік балалар әдебиеті мысалында жасөспірім мен балаларды патриотизмге баулып тәрбиелеу. Осы күні, бір уақытта Ресей, Қазақстан, Белорусияның түрлі жерлерінде оқу сағаты өтті. Балаларға 1941-1945 ж уақиғаларына және ұлы адами ерлікке арналған әңгімелер мен повесттер дауысталып оқылды. 4 мамыр күні № 41 ЖОБМ-да, «Балаларға соғыс туралы оқимыз» науқаны шеңберінде дауыстап оқу оқулары 1Ә, 2А, 2В, 2Д, 2Ә, 4Г, 4Д, 5В,5Г,6А,7А, 8Г сынып оушылары мен шағын орталықтың ересек тобы тыңдармандарына ұйымдастырылды. Балалар Лев Кассиляның «О мальчишке Тишке и отряде немцев», Сергей Алексеевтың «Победа будет за нами», Геннадий Васильевтің «Яблоки от Алеши», Борис Лавреневтің « Разведчик Вихров», Юрий Яковлевтің « Командир роты» көркем әңгімелерін тыңдады. Жетінші сынып оқушылары Михаил Шолоховтың «Они сражались за Родину» және Григория Баклановтың «Июль 41года» романдардың үзінділерін оқыды. Оқушылар біздің еліміздің өткен шағындағы ерлігіне оранып, Жеңіске жету жолдарын да түсінді.
Кітапхана меңгерушісі Н.А.Тебенькова