Мамандық саласы кең және әр түрлі, бірақ адам заты, шындай келе, тек оның кішкентай ғана бөлігін елестетеді. Сондықтан, мамандықты таңдар алдында оның көптеген түрлерімен таныс болған жөн. балалардың мамандықтар әлемі, кәсіби тұрғыдан өзін-өзі табу туралы елесін кеңейту мақсатында, өмірге деген белсенді көзқарасы бар адамдардың позитивті бағасын қалыптастыру үшін, пассивке, мансапқорлыққа, өмірге тұтынушылық деген жағымсыз қарым-қатынасын тәрбиелеу үшін және балаларды мамандықты таңдау барысында жауапты болуға баулу, біздің мектептің мұғалімдері кәсіптік бағдарлау жұмысын белсенді атқаруда. 9 сыныптың бір топ оқушылары ашық есік күніне Павлодар инновациялық көппрофильді колледжге шақырылды. Балаларды табалдырықтың алдынан колледждің ТЖ ДО А.М.Кулетова қарсы алып, оқу аудиториялары бойынша экскурсия жүргізді. Колледж ұстаздары мен студенттердің күшімен мәжіліс залында мамандықтар бойынша баяндамалар және призентациялар ұйымдастырылды. Балалар қызықты, екі тілде заңгер, қаржыгер, бастауыш сынып мұғалімі және іс-жүргізуші мамандықтары туралы, осы мамандықтардың жақсы және жаман қырлары жөнінде мәлімдеді. Одан басқа, сайыс пен викториналар өткізілді. Біздің мектеп оқушыларының өткен кездесуге және алған ақпаратқа көңілдері толды.
Н.К.Тұрсұнбаева