30.03.2016 жылы № 35 мектебінде дәстүрлі Қалалық ХҮІІ-Абай оқулары өткізілген еді.
30.03.2016 жылы № 35 мектебінде дәстүрлі Қалалық ХҮІІ-Абай оқулары өткізілген еді. Біздің № 41 мектептің оқушыларынан 5 «Б» сынып оқушысы Пахольченко Мария (жетекшісі: Ж.С.Кайдарова) мен 5 «Д» сынып оқушысы Басова Ирина (жетекшісі: А.С.Ахметова) өздерінің бақтарын сынап көрді. Абай оқулары 4 номинациядан тұрды. Әр номинация жеке-жеке өткізілді. Соның ішінде «Көңілім әнді сүйеді» номинациясы бойынша Мария Абайдың әнімен шықты. Ирина «Өлең сөздің патшасы» номинациясына қатысып, ІІІ орынға иеленді. Оқушыларымызды құттықтаймыз, әрі қарай Абай мен Шәкәрім оқуларына және т.б. ақын-жазушылардың оқуларына қатысуға бағытталып, өз өнерлерін биіктен көрсетуге тілектеспіз.