Мінеки, кітаппен жұмыс жасаудағы негізін білгеннен кейін, бірінші сынып оқушылары да әліппемен қош айтысты. Бірінші сынып оқушылары кітапхананың оқырмандары болуларын асыға күтті. Сөйтіп 23 ақпанда «Как у книжных у ворот» атты мерекеге мектептік кітапханаға оқырмандар ретінде шақырылды. Ертгі кейіпкерлерісіз мереке бола ма? Қонаққа домовой Читаля, Карлсон, түлкі Алиса, Қоян, Незнайка және Маймыл келді. Шара барысында балалар кітапхана жайлы білді, кітапхана мен оқырман залындағы тәртіппен, кітаптар мен оқулықтарды дұрыс қолдану жайлы танысты. Оқушылармен кітапханадағы тәртіп пен кітаппен қолдану бойынша қалжын ойыны өткізіліп, сонымен қатар орыс халық ертегілерін білу бойынша сайыс өткізілді. Шараға қатысқандар: Айтмагамбетова Дилара (6«А»), Верещагин Роман (6«А»), Касаткин Ярослав (6«А»), Сидорук Ксения (6»В»), Банникова Анастасия (5«В»), Лобазин Илья (5«В»), Фролова Виктория (5 «В»), Контримавичите Ксения (5»Г»). Таныстыру өткеннен кейін бірінші сынып оқушылары оқу елінде алғашқы өз кітаптарын таңдады.
Кітапхана меңгерушісі Н.А.Тебенькова