Күз мезгілі сыйлыққа өте толы:алтын жапырақтарымен, орманда дәмді саңырауқұлақтарымен және жүйектегі піскен көкөністерімен. 28 қыркүйектен 19 қазанға дейін біздің шағын орталықта балалар мен ата-аналар қатысуы бойынша «Күз фантазиясы» атты көрмесі өтті.Ата-аналар мен балалардың фантазиялары шексіз болды. Көрмеге әртүрлі материалдардан жасалынған қызықты поделкалар, әдемі көз тартатын суреттер салынды. Көрмеге қатысқан барлық жұмыстар мадақтама қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.