15 сәуір күні мектепте аумақты тазалау бойынша 5-11 сыныптың оқушылары қатысқан жалпықалалық сенбілік өтті.
Жұмыс таңертеңнен бастап қызды, сағат 11.00-ден бастап оқушылар тырнамен, сыпырғышпен, қалақпен және күрекпен қаруланып, өздерінің сынып жетекшілерімен бірге далаға шықты. Көтеріңкі көңіл-күйге қарағанда балалар, туған мектебі мен шағын аудан аумағының таза болуына бар күштерін салды. Барлық педагогикалық ұжым мен қызметтік ғимаратқа қызмет көрсетуші қызметкерлер де оқушылармен бірігіп мектеп жанындағы аумақты қуана қалпына келтірді – бұтақтарды, күзден қалған жердегі жапырақтарды жинады, өз аймақтарын сыпырды, ағаштар мен бордюрлерді ақтады, ағаштар мен бұталарды қалпына келтірді.
Тәрбиелік кезең міндетті түрде сақталған. Біз өзімізден кейінгі, досымыздан кейінгі, әрі кеткенде табиғаттан кейінгі қоқысты жинаймыз. Мектептің аумағында не кездеспеді десеңші, кезінде не тасталды соны жинауға тура келді. Дала жинау кезінде білім алушылардың тарапынан бізді қоршаған табиғатты қорғау жауаптылық сезімі туындайды, сонымен бірге ұжыммен жұмыс жасау элементі де бар. Жинақтық адаммен қоса, оны қоршаған жерде де болу керек, сондықтан сенбіліктік қажеттілігі бар. Сенбілік жемісті өтті. Барлығы атқарған жұмысы мен өздерін риза болды. Барша адал еңбек атқарды!! Жарайсыңдар!
Мектептің ТЖ ДО: Ж.Ж.Калиакперова