2 мамыр күні сағат 10.00-де Кеңес Одағы Батыры Қанаш Камзинның ескерткіші алдында, ҰОс Жеңісінің 72 жылдығына арналған Ескерткішті күзету орынның салтанатты ашылуы ұйымдастырылды. № 41, № 27, № 29, № 18, № 19, № 12 мектептердің оқушылары осы іс-шараға және гүл қою рәсіміне қатысты. Осы жолы майданда қаза тапқандарды еске алуға 70 адамға жуық кісі жиналды: мектеп оқушылары, ұстаздар, әскери-интернационалистер.
Бүгіннен бастап Павлодардың ең үздік оқушылары Даңқ ескерткішінің алдында, Кеңес Одағы Батыры Қанаш Камзин мен белгісіз жауынгерді еске алу мақсатында күзететін болады. Бірін-бірі 20 минут сайын ауыстырып отырып, олар 9 мамырға дейін күзетті жалғастыратын болады.
№ 41 мектептің оқушылары үшін мереке қарсаңында соғыс ардагерлеріне кіріп шығу бұрыннан дәстүрге айналғанын атап өтуге болады: әр сынып белгілі мекен-жайға барады. Дегенмен, жылдан жылға тізімдегі есімдердің саны азайып келеді. Мәселен, біздің мектептің атынан барған 10 ардагерден жетеуі қалды.
Ескерткішті күзету орынның ашылуы