Павлодардың төменгі жағажайында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шеру өтті. Оған 73 білім беру ұйымдары қатысты, ұжымдары жарқын өнерлерін паш етті, өз мекемелерінің ту мен елтаңбасы бар штандарттарды ұсынды. Мереке қатысушыларын Балаларды қорғау күнімен Павлодар облыс әкімі Булат Бакауов құттықтады.
Облыс білім беру басқарма қызметкерлердің айтуы бойынша, дәл осы ауқымды түрде балалардың және жасөспірімдердің музыкалы оркестры мен ансамбльінен құрылған шеру алғашқы рет өтіп жатты. Солардың ішінде дайындыққа бар күшін жұмсаған № 41 жалпы орта білім беру мектептің оқушылары да бар. 100 ұл балалар мен қыз балалар «Сударушка» атты композициясын даярлап және көпшілікке ұсынған болатын. Әдемі келген ұлттық костюмдер тігілді, бидің негізгі элементтері даярланды. Балалар дайындыққа қуана қатысып, өз хореографиялық дарындылықтарын көрсетті. Қызықты да әдемі іс-шара жұмыс күні ұйымдастырылған болса да, көптеген тұрғындарды қызықтырып жинады. Шеруге қатысқан барлық қатысушыларды және 7-8 сыныптардың жетекшілеріне, сонымен қатар хореографиялық өнерді дарыта білген Шевченко Алена Григорьевнаға алғысымызды білдіреміз.
Шеруге шықтық!