Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл
5 маусым күні «Жас ұрпақ» атты бейіндік лагерьде Қазақстан республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған викторина өтті. «Заң» жасағының балалары басқа лагерьдің жасақтары үшін қызықты сұрақтар мен бейнематериалдарын дайындады. әр жасақ өз командасын таныптырып, ұрандарын дыбыстады. Қатысушылар мемлекеттік рәміздердің тарихы жайлы жақсы білетіндіктерін көрсетті, бұл өз Отанына деген мақтаныш сезімі мен құрметті білдіретіндігін байқатты. Викторинаның қорытындысы бойынша командалар мадақтамалармен және дипломадрмен марапатталды.
