Бұрым – қыздың көркі
13 маусым күні қалалық саябақта «Керемет» атты қалалық жобаның «Рапунцель» атты ІІ шығармашылық кезеңі өтті. «Әсемдік» атты бейіндік жасағы оған белсене қатысты. Жалпы қатысушы-командалар саны-19. Қыздар өздерін шаштаразшылар өнерінде көрсете білді. Олар «корзинка», «шалунишка», «рыбий хвост», «русая коса», «хвост дракона» сияқты шаш үлгілерін ұсынды. Өз туындылары жайлы айта отырып көрермен мен қазылар алқасы алдында ұсынды. Жүлделі орынға жетпесе де, ұзақ уақытқа керемет көңіл күй мен шабытқа қол жеткізе алды!