Білім күні
2 қыркүйек күні № 41 ЖОБМ-да Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Үлкен ақ бантик таққан бірінші сынып қыздары мен ер жетіп қалған ұлдары және олардың ата-аналары. Көңілді, бірақ біраз мұңды көздерімен тұрған он бірінші сынып оқушылары, өйткені осы Алғашқы қоңырау олар үшін мектеп қабырғасындағы соңғы болмақ. Мектеп директоры оқу жылының басымен құттықтау сөз айтты. Бірінші сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау соғылды.
Бұл күні барлық сыныптарда сынып сағаттары өткізілді: 1- 9 сыныптар «Мен Отанымның патриотымын», 10 – 11 сыныптар «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту».
Аға тәлімгер: Кенесбаева А.М.