Денсаулық күні
Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық және бұқаралық іс-шараларға қызығушылық таныту, балалардың өз қабілеттеріне және білімдеріне деген сенімін нығайту және спортқа деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында 9 қыркүйек күні № 41 мектепте Денсаулық күні өтті.
Бұл күні мектепте 5 сыныптарға арналған «Көңілді бастамалар», 6 сыныптарға арналған «Спортты таңдаймыз», 7 сыныптар арасында футбол жарысы, 8 сыныптар арасында волейболдан жарыс, 9-11 сыныптарда ашық ауада әскери – спорттық эстафета өткізілді.
Сондай-ақ, біздің мектеп оқушылары «Алтын күз-2017» туристік жиналысына қатысты.
Барлық қатысушылар дене шынықтыру, ерлігі, ептілігі, күші жоғары деңгейде екенін көрсетті.