Ұстаздар күні – білім саласында қызмет ететін барша тұлғалардың кәсіби мейрамы. Сондықтан біздің мектепте де Ұстаздар күніне арналған «Учитель, пред именем твоим!» атты мерекелі концерт өтті.
Мектепте мерекелі атмосфера сезілді: фойе мен мәжіліс залы салтанатты безендірілген. 10-11 сыныптың оқушылары қонақтарды кіреберісте шарларын қолдарына ұстап арсы алды. Таңертеңнен бастап музыка мен балалардың құттықтау сөздері естілді.
Мерекенің қонақтары: педагогикалық еңбегінің ардагерлері, ұстаздар және тәрбиешілер әдемі безендірілген залда жиналды, онда И.Н.Таропчанина мен А.М.Кенесбаеваның жетекшілігімен ұйымдастырылған «Учитель, пред именем твоим!» атты концерт ұсынылды.
Мерекелі концертті «Жұлдыз» шағын орталығының тәрбиенушілері «Балапандар» атты би өнерлерімен ашты. 4 «В» сыныптың оқушылары «Училка» атты әніне қызықты көрініс қойды. Жүргізушілер де бұрыннан қызмет атқарып келе жатқан мұғалімдер жайлы да ұмытпады. Ардагерлер келесі сұраққа жауап берді: «№ 41 мектеп мен үшін – бұл...». Орыс тілімен қатар қазақ тілін де жетік меңгерген жүргізушілері Берг Ольга және Шарапиденов Диас, осы іс-шараны ерекше түрлендірді. Іс-шара көңілді өтті.
Барлық ұстаздар мен қонақтар оқушылардың көрсеткен өнерлеріне разы болды. Осы өткен кездесуден барлығы жақсы әсерге ие болды, дегенмен бұл кездесу соңғы емес, осы мектепте әлі талай өтетін концерттер бар!
«Ұстаз-ұлы тұлға»