Күндері бар қызыуы әбден сөнбеген,
Гүлдері бар қызылы әлі сембеген.
Күзде менің елу жасым сияқты,
Жаздар өтіп, қыс келер деп сенбеген – деп ақын Жұбан Молдағалиев ағамыз айтқандай «Алтын күз» мерекесін мектебімізде өткізіліп жатыр. Осы «Алтын күз» мерекесіне 1-4 қазақ сынып оқушылары ұйымшылдықпен қатысты. Әрбір сынып күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніне өздері дайындаған өнерлерін көрсете білді. Оқушылар мәнерлеп өлеңдер оқып, ән айтып, би биледі. Көкөністер туралы жұмбақтар шешумен бірге қызықты ойындар өткізді. «Күз сыйы» атты көкөністерден жасалған көрмесіне қатысқан оқушылар мадақтама қағаздарымен
марапатталды. Мереке соңы барлық сынып оқушыларының орындауында «Алтын күз» атты әнмен және флешмоб биімен аяқталды.
4 «Ә» сынып оқушылары