11-12 қазан күні мектеп кітапханасы бірінші сынып оқушыларын экскурсияға шақырды. Брініші сынып оқушылары, КІТАП – адамзаттың тапқан тамаша өнертабысы екендігін білді. Кітапханашы балаларды кітапхананың кітаптар қорымен таныстырды. Балақайлар, оларға ұсынылған кітаптарды қызыға зерттеді. Бәрінен бұрын балаларды, кітапханадағы түрлі энциклопедиялық басылымдар қызықтырды. Олар басылымдарды аса қызығушылықпен зерделеді, бір-бірлерімен ойларымен бөлісті, ал кейбіреулері болса оны оқуға да тырысты. Бірінші сынып оқушылары кітапхана мен кітапханалық кітаппен қолдану ережелерімен де танысты.
Экскурсия барысында балаларға викторина ұсынылды, олар оны тамаша орындап шықты. Балақайлар бірігіп «Ертегі кейіпкерлерін тап», «Телеграмманы кім жіберді» атты әдеби викторинаның сұрақтарына жауап берді, жұмбақтарды шешті.
Кітапхана меңгерушісі: Тебенькова Н.А.
Бірінші сынып оқушыларының мектеп кітапханасына экскурсияға баруы