Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында «Достық» концерттік залында жыл сайын ұйымдастырылатын жас бардтардың «Иртышский перезвон-2017» атты фестивльі өтті.
Қазылар алқасы, балалар шығармашылығы бірлестігі мен қала мектептерінің вокал, солистер ұжымының шығармашылығын бағалады.
Біздің мектепт осы фестивальге бірінші рет қатысып отырған жоқ. Дегенмен кейбір балалар үшін сахнаға шығуы алғаш еді.
Блинова София Н.Матвееваның «Я мечтала о морях и кораллах» әнін орындап және өз номинациясын екінші атанды. Андрусенко Иван мен Рязанов Данилдың дуэті ерекше белгіленді, себебі балалар тек ән шырқап қойған жоқ, сонымен бірге гитара және флейта аспаптарында ойнады.
Бірақ, Павлодарлық автор Гайдар Абиевтың «Дорожная» атты әнін шырқаған ансамбль аса ду қол шапалаққа ие болды. Бұл нөмір І орынды иеледі. Ратникова Надежданың скрипкада ойнауы ән шырқау сайысын ерекше түрлендірді. Нағыз вокалдық шеберлікті көрсеткендер: Берг Ольга, Веселова Елена, Дронова Алина және Мустафина Айдана.
Балаларды байқауға дайындаған - «Жас талант» вокалды тобының жетекшісі Ирина Николаевна Таропчанина.
Тамаша өнер көрсеткендері үшін құттықтаймыз және сәттілік тілейміз!
«Иртышский перезвон-2017»