2017 жылғы 30 қараша күні 7 «Б» сынып оқушылары Д.П.Багаев атындағы мұражай-үйіне барды. Д.Багаев атындағы Мемориальді Мұражай-Үйі 2001 жылғы 30 қаңтарда ашылған еді. Ол Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бөлімшесі болып табылады. Осы үйде, Павлодар өңірінің өлкетанушы, шежірешісі, негіз танушы және Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тұңғыш директоры, дарынды фотосуретші, Қазақстаннан тыс танымал Дмитрий Поликарпович Багаев өмір сүріп қызмет атқарған.
Мұражайда ХХ ғасырдың бірінші жартыжылдығының басындағы деп белгіленген Д.Багаевтың түп нұсқа заттары, фотоқұралдары, және, ең маңыздысы – фото суретшінің шығармашлық мұрасы – жарты ғасырдан асатын өңірдің тарихы бейнеленген оның фотосуреттері бар. Экскурсиямыз балаларға өте ұнады, бұл танысу оларға ұзақ бойы әсер етті.
Д.П.Багаев атындағы мұражайға бару.