"Бір шаңырақ аясында"
Павлодар қаласының №41 ЖОББМ-де Тәуелсіздік күніне арналған "Бір шаңырақ аясында" атты халықтар достығы фестивалі өтті.
Іс-шараның мақсаты - өскелең ұрпақты достық пен сыйластық, әртүрлі діндер мен мәдениеттерге тәрбиелеу. Фестивальда 10 ұлыстар ұсынылды. Оқушылар олардың салт-дәстүрімен, мәдениетімен таныстырылды. Бұл шараның барысында оқушыларға ұсынған халықтарының халық биі өнерлері мен халық әндері, халық тағамдары, киімдері, рәміздерімен таныстыруға мүмкіндік туды. Барлық іс-шарасында халықтар арасында, мемелекеттер арасындағы достық нақты адамдардың достығысыз мүмкін емес деген ой туды. Балалардың достығы болған бәрінен жақсы!