Жаңа жыл мерекесі ең сүйікті мерекелердің бірі! Себебі, Жаңа жылда ең тәтті, ең сүйікті сыйлықтар сыйланады! Ал, Жаңа жылдағы шыршаның әдемілігі қандай десеңізші?! Дала болса сондай әдемі!
2017 жылдың 27 желтоқсаны күні біздің мектебіміздің 1-4 қазақ сыныптары аралығында «Жасыл шырша жанында» атты жаңа жылдық таңертеңгілік өткізілді. Дәстүр бойынша балалар мен ата-аналарға жаңа жылдық ертегі көрсетілді. Балалардың өздері де ертегі кейіпкерлерінің әндерін шырқап, билерін биледі. Аяз ата мен ақшақардың ұйымдастыруымен қызықты жаңа жылдық ойындар ойнатылып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратылды. Ата-аналар мен балалар бір серпіліп, көңілдері көтеріліп қалды.
Қазақ сыныптарына арнап мерекелік ертеңгілікті қызықты да, көңілді ұйымдастыра білген ұстаздар қауымынан Ф.Ш.Файзрахманова, Д.Ө.Оразова, А.Қ.Қалиахметова, М.Қ.Ахметова, А.С.Ахметова, Г.Х.Жакупова және 5 «Ә» сынып оқушыларына зор алғысымызды білдіреміз.
Баршаңызды Жаңа Жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
«Жасыл шырша жанында»