19 қаңтарда мектептің мәжіліс залында «Біз СӨС-ті қолдаймыз» атты насихаттау тобының байқауы жүргізілді. Оған 6-7 сыныптың оқушылары қатысты.
Насихаттау тобының өнер көрсетуі өзгешілікпен, белсенді көзқарастарымен, өзектілікпен және өздік шығармашылықтарымен ерекше болды.
Кішігірім қойылымдарында қатысушылар есірткенің, ішімдіктің, темекінің зияндылығы, білімді болу маңыздылығы, дене шынықтыру мен спортпен шығылдану маңыздылығы туралы ой қозғады, салауатты өмір салтын насихаттады.
«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз» атты тақырыпқа қатысушылардың барлығы бірігіп өнерлерін көрсетті . Себебі адамның денсаулығы – бұл өмірдің басты құндылығы.
Көріністердің барлығы жарқын, дарындылықпен көрсетілді және тақырыптың баршаға жалпы болғанына қарамастан бір-біріне ұқсамады.
Командалардың ой-өрісі мен әртістік шеберліктерін келесі құрамдағы әділ қазылар алқасы бағалады: Заирова Бибигуль Кайсиновна-мектептің ТЖ ДО, Сафронова Валентина Антоновна- СӨС жетекшісі, оқушылар активі.
Көрсетілімнің қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздік командасын анықтады.
«Біз салауатты өмір салтын таңдаймыз»