Кітапханадағы ақпараттық технологиялар.
10 ақпан күні біздің мектептің 8- шісынып оқушылары “Рухани жаңғыру” аясында Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы Облыстық кітапханаға таныстырмалы екскурсиясымен барып қайтты.Кітапхана жұмыскерлері оқырмандарға қызмет көрсету барысында өздері қолданатын ақпараттық технологиялармен таныстырды. Оқушылар электрондық оқу залының, автоматтандыру бөлімінің жұмысымен танысты. Балалар “Жанашыр” - мүмкіндігі шектеулі оқырмандарға қызмет көрсету орталығында болды, көру қабілеті нашар адамдарға арналған фондық басылымдарды, есту қабілеті және көру қабілеті нашарларға арналған рельефті- нақтылы сезімтал Брайл шрифтті компьютерлерді көрді.