2018 жылғы 1 ақпаннан 9 ақпанға дейін №41 ЖОБМ-де «Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» атты онкүндік өтті. Онкүндік 9 сынып оқушыларының дайындаған жиынымен басталды. Олар мектептегі өзін-өзі тану пәні жайлы айтып өтіп, апта бойына жасалған жоспармен таныстырып өтті. Онкүндік кезінде мектепте келесі іс-шаралар өткізілді: С.А.Назарбаеваның «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітапханада ұйымдастырушылық көрме, «Махаббатқа толы жүрек», «Рухани құндылықтар – мәңгі байлық» тақырыптарында сыныптан тыс іс-шаралар, «Әлемдегі ең үздік» тақырыбы бойынша мәнерлеп оқу сайысы, «Жақсылықтың сиқырлы күші» тақырыбындағы сабақ, жоғары сынып оқушылары арасында «Патриотизм, адамгершілік және мейірімділік» атты пікірталас, «Мен өз тағдырымның иесі» акциясы (оқушылар арасында сауалнама), «Ұрпақтар кездесуі» тақырыбы бойынша мектеп радиосынан ақпарат. Онкүндіктің жабылуы жиынмен аяқталды, онда өткізілген іс-шаралардың жиынтығын қорытындылап, қатысушылар марапатталды.
№41 ЖОБМ-да «Өзін-өзі тану: шығармашылық және махаббат педагогикасы» онкүндігінің өтуі бойынша ақпарат