Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығы
Репродуктивті денсаулықты сақтау бойынша апталығы шеңберінде 20 ақпан күні Павлодар қаласының №41 ЖОБМ-да ШЖҚ КМК «Павлодар қаласының № 3 поликлиникасы»-ның акушер-дәрігері А.С.Бахытовамен кездесу өтті.
Дәріс тақырыбы «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау». Павлодар қаласының № 3 поликлинакаға жататын әр мектепте әр түрлі жастағы жасөспірімдермен дәрігерлердің кездесуі жүргізіледі. Аталған тілдесу 8-11 сыныптың оқушы қыздарымен өтті. Дәрістің соңында кері байланыс жүргізілді және балаларды қызықтырған сұрақтарға жауап алынды.