Ақпанның 20-нан 25-не дейін Қостанай қаласында кадеттер арасында кикбоксингтен ҚР Чемпионаты өтті. Павлодар қаласы № 41 ЖОБМ-ның
9 «А» сынып оқушысы Абылай Алдияр І орынға ие болып, спорт шебері үміткері нормативін растап , Қазақстан Республикасының құрамасына енді.
Алдияр кикбоксингпен 12 жастан шұғылданады. Алғаш рет ел Чемпионы болып 2014 жылы Шымкент қаласында атанды. Бокстан Республикалық кезеңнің бірнеше мәрте чемпионы болды (Талдықорған -2016ж., Астана-2017ж.) сондай-ақ Қостанай қаласындағы Зональді біріншілкте мәреге жетті (2016-2017ж.)
«Алға» спорт клубында шұғылданады, бапкері - Канапьянов Серик Дулатұлы. Шынықтырулар «Трактор» алаңында жүргізіледі.
Біз Алдиярды және «Алға» спорт клубын жақсы дайындық пен жеңіс үшін құттықтаймыз. Халықаралық деңгейде сәттілік пен биік шыңға жетуді тілейміз.
Әлді жеңеді!