«100 балалар әндері» облыстық жоба
3 наурызда Павлодар қаласының № 41 ЖОБМ-да «100 детских песен» атты балалар шығармашылығының облыстық жобаның тыңдауы жүргізілді. Байқауға жалпы орта білім беру мектептердің түрлі жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер қатысты. Жобаның өзі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында және облысымыздың 80 жылдығына орай өткізіледі. Әр қатысушы музыкалық нөмірді ұсыну кезінде өзінің шығармашылығын көрсетті. Жобаның қорытындысы Наурыз мейрамы мерекесі кезінде белгілі болады.