Наурыздың 29-ы Павлодар қаласының № 41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы жалпы орта білім беру бейіндік мектебі негізінде жас ұстаздар арасында «КТА-2018» іріктеу кезеңі өтті. Бұл нақты кәсіби шеберліктің мейрамы болды. Ұстаздарға арналған мереке. Жалпы қатысқан командалар саны – 9, олар: № 1,9,11,15,18,33,34,41 мектептері, ЖЖОМ.
Қатысушылар өз шығармашылықтарында барша білім беру жүйесіне жалпы көзқарастарын ұсынды. Жас ұстаздарға өздерінің шығармашылық пен қиял ойларын білдіруге, поэтикалық және вокалды дарындылықтарын қолдануға тура келді. Біздің мектептің намысын қорғаған мұғалімдер: Шевченко А.Г., Сарсекеева А.К., Ордабаева Б.М., Қалиахметова А.Қ, Филипушко Е.В., Смайлова Г.К., Аксенова А.И. мен 9 сыныптың оқушылары.Қатысушыларды ОТЖ ДО Ж.Ж. Калиакперова дайындаған.
Осы байқауда № 33 пен 34 мектептің ұстаздары өздерін тамаша көрсете алды.
Сабира Шакеновна Сеитованың (білім саласы қызметкерлердің қалалық кәсіподақ ұйымын ұйымдастыратын төрайым) басшылығымен әділ қазылар алқасы ұпай санын қоса келе шарықтау кезеңіне өткен командаларды анықтады. Олар: № 1,9,33,34,41 ЖОМ, ЖЖОМ .
Жүлдегер командалар мадақтама мен ақшалай сыйлыққа ие болды, қалған қытысушылар финалға жолдама алды. Біз командамызды жақсы нәтижемен құттықтаймыз және шарықтау ойынында жеңіске жетуді тілейміз. Жарайсыңдар!!!
Жас мұғалімдердің өнеріне қошемет!