Кітапханаға экскурсияға бару
2018 жылғы мамырдың 15-і «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және мектеп оқушыларының әлеуметтік жауапкершілігін дамыту шеңберінде, 8 сыныптың оқушылары «Павлодар облысының зағип жандар мен есту қабілеті нашар азаматтарына арналған арнайы кітапханаға» таным экскурсиясына барды. Балалар зағип жанды оқырмандарға ерекше қызмет көрсету әдісімен танысты. Ерекше оқырмандар үшін дауыстап кітап оқитын Павлодар тұрғындарының волонтерлік іс-әрекеті жайлы білді.