Павлодар қаласының төменгі жағажайында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шеру өтті. Оған білім беру ұйымдары қатысты, ұжымдары жарқын өнерлерін паш етіп, өз мекемелерінің ту мен елтаңбасы бар штандарттарды ұсынды. Мереке қатысушыларын Балаларды қорғау күнімен Павлодар облыс әкімі Булат Бакауов құттықтады.
Осы ауқымды түрде балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестры мен ансамбльінен құрылған шеру екінші рет өтіп жатыр. Павлодар қаласының 10 үздік мектеп ұжымы осы шеруге қатысы. Солардың ішінде дайындыққа бар күшін жұмсаған № 41 жалпы орта білім беру мектептің оқушылары да бар. 100 ұл бала мен қыз бала «Барыня» атты композициясын даярлап және көпшілікке ұсынды. Қатысушылар әдемі келген ұлттық костюмдер киіп, мектеп хореографы Г.Д. Камалмен бидің негізгі элементтері даярланды. Балалар дайындыққа қуана қатысып, өз хореографиялық дарындылықтарын көрсетті. Қызықты да әдемі іс-шара жұмыс күні ұйымдастырылған болса да, көптеген тұрғындарды қызықтырып жинады. Шеруге қатысқан барлық қатысушылары мен 7-10 сыныптардың жетекшілеріне, сонымен қатар хореографиялық өнерді дарыта білген Гульнур Данабековна Камалға алғысымызды білдіреміз.
Астананың 20 жылдығына арналған «Сәлем саған, Астана!» балалар мен жасөспірімдердің музыкалық оркестрі мен ансамбльінің шеруі