Мәнерлеп оқу конкурсы
Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің ұйымдастыруымен ақын, журналист, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының мүшесі Есентай Ерботиннің туғанына 70 жыл толуына орай жас орындаушылар арасында мәнерлеп оқу конкурсы өтті.
Бұл конкурс мектеп оқушыларының арасында жыл сайын өтеді. Біздің мектеп осы конкурсқа жылдан жылға қатысып келеді. Өткен жылы бірінші орын алдық, ал биыл үшінші орынға ие болдық. Конкурсқа қатысқан 6 сынып оқушысы Бинура Айтмағамбетова. Ол Есентай Ерботиннің «Туған жер таулары» өлеңін оқыды. Есентай Ерботиннің өлеңдерін оқушылар жақсы көреді, сондықтан конкурсқа көп балалар қатысты. Осындай конкурстар бола берсе екен дейміз, өйткені олар оқушыларды Отанын, туған жерін сүйюге, қоршаған ортаны, табиғатты қорғауға үйретеді.
Осы конкурсты ұйымдастырған Бұқар жырау мұражайының ұйымына үлкен алғысымызды айтамыз.
Б. Кабиденова
№ 41 мектеп ұстазы.