2018 жылдың 20 қыркүйегінде Павлодар қаласының барлық орта білім беру мектептерінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасы бойынша Елорданың 20 жылдығына арналған «Астана - бейбітшілік бесігі» жалпықазақстандық ашық диктант өткізілді..
Ашық диктант сағат 11.00-де Павлодар қаласының №41 денешынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ-да 370 оқушының қатысуымен өтті. Бұл шараға әділқазылар қатарында Павлодар қаласы білім бөлімінің бас маманы Нургуль Шалабаевна Азанбаева, Павлодар қаласының «Өрлеу» БАИ-дан жаңартылған білім мазмұны бойынша оқыту тренері Асемгуль Базарбаевна Мигранова болды. Ашық диктантты жазу барысында оқушылар өз сауаттылықтарымен қатар, мемлекеттік тілге деген құрметтерін көрсете білді. Диктант мәтіні арқылы балалар Елордамыздың құрылу тарихымен толықтай хабардар болды.
Оқушылардың диктант нәтижесін қорытындылай келе, ең сауатты жазылған жұмыстар анықталып, мадақтау қағаздарымен марапатталды.