«Мен-Чемпионмын»

2018 жылғы 18-21 қараша аралығында Ақмола облысында Спорттық кешен базасында «Мен-Чемпионмын» ІІІ республикалық финалдық ойындары өтті. Павлодар облысын 41 ЖОБМ ұсынды. 6 - 8 сынып оқушылары арасынан "Рекорд" командасы Өзбекстан Республикасының құрама командасымен кездесті. Ойын қорытындысы бойынша командаға жартылай финалға шығу үшін сәттілік жетіспеді. Іс-шараның барлық қатысушылары Ақмола облысы әкімінің дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.