«Елбасым - елімнің тірегі»
29 қарашада Павлодар қаласының № 41 мектеп кітапханасында 1 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне (1 желтоқсан) арналған "Президент - ел тірегі" атты мемлекеттік және орыс тілдерінде бейне шолу өтті. Балалар біздің Президентіміз - Ақ Орданың резиденциясына, Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұражайында виртуалды түрде барып қалды. Оқушыларға Президентің қызметінің негізгі кезеңдері, халықаралық қарым-қатынастарды және Тәуелсіз Қазақстаның дамыту жолы туралы деректі фильм көрсетілді.