2018 ж.19 желтоқсанда №41 жалпы орта мектебінде «Рухани жаңғыру бағдарламасы» негізінде және «Қызықты тарих» арнайы курсы бойынша іс-шара өткізілді. Іс-шарының тақырыбы: «Біздің өлкенің –музыка қайраткерлері». Іс-шара Естай Беркімбайұлы мен Жаяу-Мұса Байжанұлының шығармашылығына арналды.Павлодар қаласының «Майра Шамсутдинова» атындағы мұражай меңгеруші Ерлан Олжайұлының қатысуымен өтті. Мақсаты: оқушыларға өз өлкесінің XIX-XXғ. Музыка өнерінің майталмандарының атын,істерін,шығармашылығын біліп,оны ары қарай жалғастыру.
Мұражайдан домбыра, саз сырнай, шаңқобыз, Жаяу-Мұсаның тымағы, Жаяу-Мұсаның ас-табағы,құман, леген т.б.экспонаттар әкелінді.
Ерлан Олжайұлы Жаяу- Мұса мен Естайдың шығармашылығы туралы айтып, қазақ халқының салт-дәстүрін көрсетіп, осы әнші-композиторлардың бірнеше әндерін және халық әндерін орындады. Оқушыларға іс-шара өте ұнады.
Музыка өнерінің майталмандары