Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2019 жылдың 22 қаңтарында № 41 ЖОБМ-ның мәжіліс залында 11 сынып оқушылары 2018 жылғы түлектермен кездесу өтті. Астана қаласы медициналық университетінің студенттері (Камила Құрмашова, Алмас Бақытбек және Айдана Апсалямова) жиналғандарға дәрігер мамандығын таңдаудың маңыздылығы, пациенттердің өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілік пен борыш сезімі туралы әңгімеледі. Олар АМУ (Астана медицина университеті) туралы фильм ұсынды, ЖОО-ға түсу үшін (Жалпы медицина факультеті, педиатриялық, стоматологиялық және фармацевтикалық факультеттер, Мейірбике ісі және қоғамдық денсаулық сақтау факультеті) дайындық пен бағыттар туралы айтты, түлектердің сұрақтарына жауап берді. Басты түсімге, өту ұпайына, түсу кезінде қажетті құжаттарға ерекше назар аударылды.
Волков Евгений Павлодар Мемлекеттік Университетінің техникалық мамандықтары, ЖОО туралы әңгімеледі. Туған қаласында білім алу кезіндегі негізгі басымдықтарды ашты, өйткені Евгений ЖОО-да өзінің 7 сыныптасымен оқиды.
Темірханова Дина және Увалиева Әлия ИНЕУ студенттері болып табылады. Олар оқушыларға институтта оқуға болатын, талапкер болу үшін қандай талаптарға сай болу керектігін айтты.
Бахтин Роман Новосібір ГТУ студенті Радиотехника және электроника (лазерлік технология) факультетін таңдады . НГТУ-дың оқу ғимараттарының жанында орналасқан жеке студенттік қалашығы бар. Барлық басқа қаладан келген бірінші курс студенттері жатақханамен қамтамасыз етіледі.
Біздің мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Кездесу достық атмосферада өтті.
Заман талабына сай