Павлодар қаласының № 41 ЖОБМ-да халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE" республикалық кең ауқымды балалар науқаны өтті.
Науқанның мақсаты-интернет тәуелділіктің алдын алу, интернетті пайдалану мәдениетін арттыру, кәмелетке толмағандардың интернет белсенділігі үшін ересектердің жауапкершілігін күшейту. Балаларға смартфондардан, компьютерлерден және жаһандық желіден алаңдауға көмектеседі және бұл күн тек қана шынайы әлемде өмір сүруге, жақындарымен қарым-қатынаста және интернет байланысы жоқ өзінің сүйікті жұмысымен шұғылдануға көмектеседі.
Біз де мектептің өзін-өзі басқарумен бірге осындай науқанды өткізуді шештік. 25 қаңтарда біздің мектепте "Интернетсіз бір күн" науқаны өтті. Виртуалды емес, тірі қарым-қатынас болды. Үзілістерде балалар үшін ойын алаңдары ұйымдастырылды. Қыздар мен ұлдар ойнады, би биледі, әлеуметтік жобаға, сауалнамаға қатысты. Бұл күні балалар өз телефонын және планшеттердегі ойындарды есіне алмағанын өте қуантады.
Сынып сағаттары, оқушылар мен ата-аналармен интернетсыз халықаралық күн туралы әңгіме жүргізілді. 1-4 сынып оқушылары "интернетсыз күнді қалай өткіздім" суреттер байқауына, 5-11 сынып оқушылары үш тілде "Мен OFFLINE" эссе байқауына қатысты.
Осындай іс-шаралар біздің тәрбиеленушілерімізге өздерінің бос уақытын белсенді қызмет түрлерімен жиі бояуға және ұялы телефондар мен интернетті қажет болған жағдайда ғана пайдалануға көмектеседі деп үміттенеміз.
« Мен OFFLINE»