«19 жыл- Тәуелсіздік туғалы,
Қазақ елі бірлікке бел буғалы.
19 жыл- Қазақстан халқының
Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны»
Тәуелсіздік күні қарсаңында, біз - 11 сынып оқушылары, сынып жетекшімізбен бірге тәрбиелік іс-шара өткіздік. Қонаққа мектебіміздің оқу ісінің меңгерушілері: Е.В.Бондар мен Р.Ш.Ысқақова келді. Іс-шара мультимедиалық кабинетте өтті.
Қазақ халқының тәуелсіздікке жету жолында басынан өткерген қиыншылықтарына тоқтала отырып, қазіргі күннің жетістіктерімен таныстық. Арнаулы слайд-шоу, фильм көрдік. Тамаша күйлер тыңдадық. Туған жер, Отан, қазақ елі жайлы, өзіміз де өлең оқып, ән шырқадық. Әсіресе есте қалған жай – ол сыныптас ұлдарымыз, яғни болашақта Отымыздың қорғаушыларын, жігіттерді – сыннан өткіздік. Олар да сыннан сүрінбей барлық тапсырмаларымызды орындады. «Көкпар» ойынын ойнады, жеті аталарын атады, жеті тілде амандасып, төрт тілде санап берді. Осындай көңілді, тартымды, тәрбиелік мәні бар іс-шара ұйымдастырған сынып жетекшілерімізге - Негманова Құралай Уахитқызы мен Кожанова Альфия Саматовнаға алғыс айтамыз!
11 «Б» сынып оқушысы
Болтаева Айсұлу