"Наурыз-думан"

Ата-бабамыздың салтымен біздің мектебімізде "Наурыз-думан" тойымыз басталып кетті. Аталмыш думанымызды 5-6 қазақ сыныптары мен сынып жетекшілері А.С.Ахметова мен М.Қ.Ахметовалар ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырды.Думан "Əз-Наурыз" деп аталып,əзілге құрылған "Бесікке салу" рəсімі ұсынылып,би биленіп,əн айтылды. Оқушылар думанға үлкен жауапкершілікпен жоғары деңгейде дайындалғандықтары аңғарылды. Жыл басымыз құтты болып, ТОЙЫМЫЗ ТОЙҒА ҰЛАСА БЕРСІН.Осындай думанды жоғары деңгейде өткізген ата-аналарға,сынып жетекшілеріне,оқушыларға ҮЛКЕН АЛҒЫС БІЛДІРЕМІЗ.