Әскери - далалық жиын
13 мамыр мен 17 мамыр аралығында АӘД бойынша оқу бағдарламасына және Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 10 сынып оқушыларымен әскери - далалық жиын өтті. № 41 ЖОББМ-нің 10 сынып оқушыларымен саптық дайындық бойынша сабақтар өтті.Дене шынықтыру ,атыс дайындығы және әскери топография дәрістері өткізілді.Оқушылар жаттығумен айналысты, тәртіп бойынша сабақ өтті,қарауылда және тәуліктік нарядта қызмет атқарды, спорттық іс-шараларға қатысты. Әскери-спорттық лагерьдің қорытындысы бойынша үздік оқушылар Білім беру бөлімінің және Ауған соғысы ардагерлерінің қоғамының грамоталарымен марапатталды.