Білім күні
1 қыркүйек күні Павлодар қаласының№ 41 ЖОББМ-де Білім күніне және ҚР Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиын 1 сынып оқушыларын құттықтаумен ашылды, мектеп директоры А. Е. Солтанбекова барлық қатысушыларды мерекемен құттықтап, білім алушыларға сәттілік тіледі. Мерекеге Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері С. Ж. Алимова және педагогикалық еңбек ардагерлері қатысты.
Іс-шара бірінші сынып оқушыларының сөз сөйлеуімен аяқталды.Салтанатты жиыннан кейін 1-11 сыныптарда "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ" тақырыбында ашық сынып сағаттары өткізілді.