Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182500331
Адрес: Малайсары батыр көшесі, 41
50-03-37, 50-03-30, 50-03-28, 8-(7182)-52-00-12, 50-03-31
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 15:00-18:00 Сәрсенбі 15:00-18:00 Сенбі 10:00-14:00
Что ты делаешь, чтобы быть здоровым?
Голосовать
занимаюсь физкультурой; - 72
ничего не делаю; - 44
периодически прохожу медосмотр; - 41
добродушно отношусь к окружающим; - 23
правильно питаюсь; - 19
соблюдаю режим дня; - 9
изучаю познавательную литературу; - 6
закаляюсь; - 5
Всего проголосовало: 219
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
«Тіл – татулықтың тірегі»
18-09-2019 14:00
«Тіл – татулықтың тірегі»

         Бүгін мектеп қабырғасында ҚР халықтарының тілдері күніне орай Тілдер айлығы аясында 5 сыныптар арасында «Тіл – татулықтың тірегі» атты сайыс өтті. Сайыс оқушылар арасында мемлекеттік тілді кеңінен қолдануын насихаттау, тіл – татулықтың, достықтың тетігі, тәрбиенің көзі, халықты біріктірудің маңызды факторы екенін өскелең ұрпаққа ұғындыру мақсатын көздеді. Қазақ тілі мұғалімдері Қарашаш Керейбаева мен Арайлым Ермекованың ұйымдастыруымен өткен шараға белсенді оқушылар қатысып, тілге байланысты сұрақтарға жауап берді. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Оқушылар «Білгірлер» және «Тапқырлар» атты екі топқа бөлінді, сайысты оқу ісінің меңгерушісі Әсем Мукушева мен ӘБ меңгерушісі  Бақытжамал Аугалиева бағалады. Сайыс барысында қатысушылар мақал-мәтелдерді жалғастырып, жаңылтпаштарды жаңылмай айтудан жарысты. «Бәйге» кезеңінде шәкірттер қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша сұрақтарға жылдам жауап берді. Қазылар алқасы шешім шығару барысында олардың тілдерді меңгеру деңгейін, сұрақтарға жауап беруін, тапсырмаларды дұрыс орындауын бағалады. Екі топ та бірдей ұпай жинап, Алғыс хаттармен марапатталды.
--