Тұңғыш Президент күніне арналған онкүндікте № 41 ЖОБМ-да іс-шаралар өткізілді:
25.11-30.11 аралығында 1-11 сыныптар арасында "Елбасы сенімі-ел сенімі" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
28 қарашада "Жас Ұлан"- "Менің жетістіктерім – Отанымыздың жетістіктері" атты акция өтті, Павлодар қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Д. К. Ерғабыловтың қатысуымен 5Ә және 5 В сынып оқушылары "Жас Ұлан" балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданды.
"Белая ладья" үйірмесінің жетекшісі Н. В. Аникеев 2-4 сынып оқушылары арасында шахматтан турнир өткізді.
29-ы күні 10 -11 сыныптар арасында тарих мұғалімдері О. С. Авдеюк және Г. С. Туртугулова "Президент –мемлекет тәуелсіздігінің және тұрақтылықтың кепілі" атты баспасөз конференциясын өткізді.Оған Павлодар қаласы білім беру және жастар атынан облыстық және республикалық форумдар спикері қ – география мұғалімі А. Г. Шевченко қатысты.
29 қарашада барлық сыныптарда "Заманауи Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының Сабақтары" атты бірыңғай сабақ өткізілді . Сынып жетекшілері Президент туралы презентациялар мен ақпараттар дайындады : өмірбаяны, көшбасшының өмір жолы және Елбасының жетекшілігімен еліміздің жеткен жетістіктері жайлы баяндалды.
Мектеп кітапханашысы С. М. Жүнісова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай "Елімнің бар Президенті" атты бейне шолу өткізді.