Мультимедиялық мұражайға саяхат
2020 жылдың 8 қаңтарында қысқы демалыс кезінде 5 сынып оқушылары жаратылыстану ғылымдарының "Еrtis" бірегей мультимедиялық мұражайына барды. Ол Қазақстандағы осы нысандағы алғашқы мұражай. Бұл мұражай әлемнің қазіргі ірі табиғи-тарихи мұражайларының үлгісі бойынша құрылған. Ол геологияның, физикалық географияның, ежелгі флора мен фаунаның, ертедегі палеозой дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі Павлодар Ертіс өңірінің тарихының ірі бөлімдерін ашады. Балаларға мұражай өте ұнады!