БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДЕ ТЕМЕКІ ШЕГУДІҢ, МАСКҮНЕМДІКТІҢ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ. САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
Ұлттың байлығы мен өркендеуінің маңызды көрсеткіші өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайы болып табылады.
Балалардың әл-ауқаты, олардың дамуы кез келген елдің болашағын айқындайды. Тұлғаның денсаулығы мен қалыптасуының негізі ерте жаста қаланады.Салауатты өмір салтының маңызды аспектілерінің бірі темекі шегуден, алкогольден, есірткі заттарынан саналы түрде бас тарту болып табылады. № 41 ЖОБМ-нің жоғары сынып оқушыларына салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Павлодар психикалық денсаулық орталығының маманы Непельцова Анна Александровна шылым шегудің, маскүнемдіктің және нашақорлықтың алдын алу бойынша дәріс оқыды.