Құрметті №41 мектеп кітапханасының оқырмандары! Сіздерді Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Қазақ хандығынан-мәңгілік елге" атты кітап көрмесіне шақырамыз.
Қазақтарды мемлекетке біріктіруге әкелген басты себептер — Өзбек хандығы мен Моңғолстанның (Алтын Орда) ыдырауы. Бұл оқиғалар 1465-468 жылдары болды. Алайда, бұл бірінші Қазақ мемлекеттік бірлестігі болған деп санау дұрыс емес.
Қазақстаның 1 Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Біздің еліміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін көк түріктерге жалғасады. Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, кейін біртіндеп Тәуелсіздікке келіп тіреледі»,– деп атап көрсетті.
Сіздерді ата – бабаларымыздың бай тарихы мен мәдени мұрасымен келесі көрмедегі авторлардың кітаптары таныстырады - Ешмұхамбетов С. "Из истории казахов",Құсайынов Ш. "Қазақтар. Дөңгелек және тарих толқыны", Салгарин К. "Династии ханов", Залесский Б. "Қазақ сахарасына саяхат" және т.б. Сіздерді кітапханада күтеміз!