«Әй, жарайсың» конкурсы
Жыл сайын қала көлемінде дәстүрлі «Әй, жарайсың!» конкурсы өтеді. Бұл сайысқа ұлты орыс оқушылар қатысады. Біздің №41 мектеп те, бұл конкурсқа қатысып жүр. Биыл біздің «Жас ұлан» командамыз жартылай финалда І орынға ие болды, ал финалда
ІІІ орын алды. Бұл конкурста оқушылар қазақ халқының өнерін, ән салу, өлең айту арқылы көрсетті. Конкурсқа қатысқан оқушылар: команданың капитаны – Трухманова Юлия. Бутнарюк Валерия, Киселева Валентина, Чернова Мария, Левченко Владимир, Отрак Владислав, Ярешко Ира. Осындай конкурстардан оқушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу шешендігін, өнерге деген қабілеттілігін, әстетикалық сезімдерін көруге болады. Біздің команда жақсы білімдерін көрсетті. Жарайсыңдар «Жас ұлан» тобы!
Дайындаған мұғалімдер: Исенова С.Б., Жүсіпова Г.Ж., Кабиденова Б.М.