«Об обучении детей в новом учебном году».
20 тамыз күні № 41 ЖОББМ-де қашықтық режимінде жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті.
Мақсаты: короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында жаңа 2020 - 2021 оқу жылындағы оқытудың ерекшеліктері туралы ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) хабардар ету.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды :
1.Жаңа оқу жылындағы оқу форматтары
2.Оқушылардың санитарлық нормаларды сақтау
3.Қашықтықтан оқыту жүргізілетін білім беру Интернет-платформаларымен танысу
4.Жаңа оқу жылында білім алушыларды бағалау жүйесі
5.Қашықтықтан оқыту; баланың мінез-құлық ережелері мен жұмыс орны