Жалпыреспубликалық сынып сағаттары
21 тамыз күні № 41 ЖОББМ де «Келе жатқан оқу жылында қалай білім аламын?» тақырыбында жалпыреспубликалық сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: оқушыларды 2020-2021 оқу жылында оқытудың өзекті мәселелерімен таныстыру (коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты карантиндік шаралар жағдайында оқыту). Сынып сағаттарына барлығы 847 оқушы қатысты.
Оқушыларға бүгінгі жағдайда ең маңызды мәселе- онлайн түрінде сапалы білім беру , биылғы жылдың оқытудың ерекшелігі туралы, бағалау ұпай түрінде болатыны жайлы, санитарлық нормалар туралы айтылды.