Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87782194989
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ
14-07-2026 10:45
СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

 

Балалардың өмірі мен денсаулығы ең алдымен ересектердің жауапкершілігі мен қырағылығына байланысты.

Төмендегі қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауыңызды сұраймыз.

 

►СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ

● Балаңыздың көңіл күйіне және психологиялық жағдайына күн сайын назар аударыңыз.

●Баламен сенімді қарым-қатынас орнатып, оның мәселелерін мұқият тыңдаңыз.   

● Мінез-құлқындағы өзгерістерді (тұйықталу, өмірге қызығушылықтың төмендеуі, өлім туралы әңгімелер, көңіл күйдің күрт өзгеруі) назардан тыс қалдырмаңыз.

● Дәрі-дәрмектерді, өткір және қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.

● Қауіпті белгілер байқалған жағдайда психологтың, педагогтің немесе дәрігердің көмегіне дереу жүгініңіз.

 

►СУҒА КЕТУДІҢ АЛДЫН АЛУ

        ● Балаларды өзен, көл, бассейн және басқа да су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыз.

        ● Тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана шомылыңыз.

● Балаңызға судағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіз.

● Қайықпен немесе басқа жүзу құралдарымен жүргенде құтқару кеудешесін пайдалануды қамтамасыз етіңіз.

● Балалардың су айдындарына ересектерсіз баруына жол бермеңіз.

 

►БАЛАЛАРДЫҢ ТЕРЕЗЕДЕН ҚҰЛАУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

        ● Кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз.

● Терезелерге арнайы қорғаныс құлыптарын немесе ашылуын шектейтін құрылғылар орнатыңыз.

● Терезенің жанына бала шығып кетуі мүмкін жиһаздарды қоймаңыз.

● Москит торы баланы құлаудан қорғамайтынын және оның салмағын көтермейтінін есте сақтаңыз.

● Балаларға терезе мен балкон маңында ойнаудың қауіпті екенін үнемі ескертіп отырыңыз.

 

► КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ БАСҚАРУДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Кәмелетке толмаған балаларға автокөлікті, мотоциклді, мопедті, скутерді және басқа да көлік құралдарын жүргізуші куәлігінсіз басқаруға рұқсат бермеңіз.

Көлік құралдарының кілтін балаларға бермеңіз.

Көлік құралын жүргізу құқығынсыз басқару адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін түсіндіріңіз.

Баланың қайда жүргенін және кімдермен араласатынын бақылауда ұстаңыз.

 

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!

Ата-ананың қамқорлығы, қырағылығы және жеке үлгісі – баланың өмірі мен денсаулығын сақтаудың басты кепілі.

 

БАЛАЛАРЫҢЫЗДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БЕЙЖАЙ ҚАРАМАҢЫЗ!

 

 

Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті